Роналду «Әл-Наср» клубына бойкот жариялады

Редактор
02.02.2026, 09:18

Жақында ғана ол 961-голын салған еді. 

©x.com/alnassrfc_en

Португалия құрамасының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионаты аясында алдағы «Эр-Риядпен» өтетін матчқа қатысудан бас тартты.

A Bola дерегінше, Роналдудың бұл әрекетіне Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорының (PIF) «Әл-Наср» клубын басқару тәсіліне көңілі толмауы себеп болған. Криштиану клубтың спорт саясатына, сондай-ақ команда құрамын күшейтуге бөлініп отырған қаржы көлеміне наразы. Әсіресе «Әл-Насрдың» басты бәсекелестерінің бірі – «Әл-Хиляльдің» трансферлік нарықтағы белсенділігімен салыстырғанда, өз клубының қазіргі қадамдары көңілінен шықпаған тәрізді.

Айта кетейік, жуырда ғана Сауд Арабиясы чемпионатындағы «Әл-Холудқа» қарсы өткен ойында (3:0) 40 жастағы шабуылшы кәсіби мансабындағы 961-голын салып, әлемдік рекордты жаңартқан болатын.

Реклама
Реклама