«Мақтаарал жоқ»: Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын командалардың тізімі шықты

Редактор
09.02.2024, 11:52

«Мақтаарал» ФК Бірінші немесе Екінші лигада ойнау үшін лицензия алуы керек

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан футбол федерациясында футбол клубтарын лицензиялау Комиссиясының отырысы өтті деп хабарлайды ҚФФ-ның баспасөз қызметі.

Отырыста футболдан Қазақстан чемпионатына қатысушыларын лицензиялау процесінің нәтижесі қаралды. Оның нәтижесі бойынша Комиссия келесі шешімдерді қабылдады:

I. «ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиялау ережесін» орындаған және талаптарына сәйкес болғаны үшін футболдан ҚР Чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін лицензия берілсін:

1. «Ордабасы» ФК 
2. «Астана» ФК 
3. «Ақтөбе» ФК 
4. «Қайрат» ФК 
5. «Қызыл-Жар СК» ФК
6. «Қайсар» ФК
7. «Атырау» ФК
8. «Тобыл» ФК
9. «Шахтер» ФК
10. «Жетісу» ФК
11. «Елімай» ФК
12. «Тұран» ФК
13. «Жеңіс» ФК

II. «ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиялау ережесінің» талаптарын орындамағаны және ең минималды талаптарға сәйкес келмегені үшін «Мақтаарал» ФК КММ-ға футболдан ҚР Чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін лицензияны беруден бас тартылсын;

III. «Мақтаарал» ФК КММ-ға 2024 жылдың 20 ақпанына дейін футболдан Бірінші немесе Екінші лига командалары арасында ҚР Біріншілігіне қатысу үшін лицензиялау процесіне шұғыл рұқсат алу рәсіміне өту үшін қатысуды растасын.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі. http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i