«Қайрат» Дастан Сәтпаевтың денсаулығына қатысты мән-жайды айтты

Редактор
10.02.2026, 10:25

Сәтпаев екі ай бойы жаттығулар мен ресми ойындарға қатысқан жоқ

ФК «Қайрат»

Алматылық «Қайрат» клубының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев медициналық себептерге байланысты Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды. Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, футболшы қазір Қатарда ем қабылдап жатыр. Оңалту толық аяқталғаннан кейін ол командаға Алматыда қосылады.

«Қайрат» 20 ақпанға дейін жаңа маусым алдындағы қорытынды жиынын Түркияның Белек қаласында өткізеді. Алғашқы шақырылғандар тізімінде Сәтпаевтың есімі болғанымен, дәрігерлердің шешімімен оның сапары кейінге қалдырылды.

Жас форвард шамамен екі ай бойы жаттығулар мен ресми ойындарға қатысқан жоқ. Ол 2025 жылдың желтоқсанынан бері қазан айында алған жарақатынан айығу кезеңінен өтіп келеді.

Реклама
Реклама