Ол үш жылға жуық уақытын түрмеде өткізген.
Самарқандтың «Динамо» футбол клубы 30 жастағы ганалық жартылай қорғаушы Кингсли Сарфомен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып upl.uz хабарлады.
Берілген ақпаратқа сәйкес, Сарфо алаңның орталық жартылай қорғаушысы позициясында ойнайды. Оның жылдамдығымен, дриблингке бейімділігімен және ойын ырғағын бақылау қабілетімен ерекшеленетіні айтылған.
Айта кету керек, Кингсли Сарфо кезінде болашағынан зор үміт күттіретін футболшылардың бірінен саналатын. Алайда карьерасының бастапқы кезеңінде басы дауға қалып, өмірі күрт өзгерді. 23 жасында ол Швецияда қылмыстық іс бойынша түрмеге қамалған. Сол кезде Сарфо 14 жастағы қызды зорлады деген айыппен кінәлі деп танылып, екі жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылған. Футболшының өзі сот отырысында қыздың жасын білмегенін айтқан.
Ол уақытта Сарфо Швецияның ең атақты клубтарының бірі – «Мальме» сапында өнер көрсетіп жүрген еді.
Жаза мерзімін өтегеннен кейін ганалық футболшы мансабын Кипр чемпионатында жалғастырды. Ол АПОЭЛ клубының құрамында ойнап, ел кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.
Алайда 2024 жылдан бастап жарақатына байланысты көптеген матчтқа қатыса алмады.
Қазіргі таңда футболшының нарықтағы құны шамамен 500 мың еуро деп бағаланады.