Жарнама
Жарнама

«Ешнәрсе де өзгерген жоқ». ҚПЛ клубтары 2026 жылы 25,6 млрд теңгенің тендерін жеңіп алды

Редактор
12.03.2026, 16:55

Ең ірі тендер Петропавлдың «Қызылжар» клубына бұйыр

Коллаж Offside.kz

2026 жылдың басынан бері Қазақстан Премьер-лигасының клубтары мемлекеттік қаржыландыру аясында ірі тендерлерді белсенді түрде ұтып жатыр. Қазіргі мәлімет бойынша, жеңіп алынған тендерлердің жалпы сомасы 25,620 млрд теңгеге жетті.

Ал жақын күндері аяқталатын тағы сегіз конкурс футболды дамытуға жұмсалатын шығынды шамамен 8,656 млрд теңгеге арттырмақ. Бұл туралы журналист Иван Резванцев хабарлады.

Ең ірі тендерлер мен жекеменшік клубтар

Ең ірі тендер Петропавлдың «Қызылжар» клубына бұйырды. Команда үш маусымға 6,3 млрд теңге алады. 2026-2028 жылдары негізгі құрамға 4,3 млрд теңге, ал QJ League жүйесіндегі жастар командасына 1,9 млрд теңге бөлінеді.

Айта кетейік, клуб 2025 жылдың қарашасында кәсіпкер Сергей Канның меншігіне өткен еді. Оның дәулеті 470 млн доллар шамасында бағаланады.

Реформа аясында жекеменшікке өткен алғашқы клуб – «Қайсар». Команда маусым басына облыс қазынасынан 269 млн теңге алды. Сонымен қатар Қызылорда облысы бюджетінен бірінші лига мен Премьер-лига командаларын ұстауға арналған 995 млн теңгелік тендердің қорытындысы жуырда шығуы тиіс.

«Ақтөбе» клубы кәсіпкер Нұрлан Артықбаевқа тиесілі Qazaq Stroy компаниясының меншігіне өтті. Облыс билігі клубты қаржыландыруды жалғастырып отыр. Маусымаралық кезеңде «қызыл-ақтар» Португалия футболшысы Луиш Наниді қосқанда бірнеше атышулы трансфер жасады. Алдағы күндері бірінші лигадағы командаға – 282 млн, әйелдер командасына – 258 млн және балалар-жасөспірімдер орталығына 431 млн теңге бөлінетін үш тендердің нәтижесі белгілі болады.

«Каспий» клубы да негізгі, жастар және әйелдер командаларын ұстау үшін облыстық бюджеттен 2,1 млрд теңге алуы мүмкін.

Өңірлердегі өзге шығындар

Атырау облысында 2026 жылы футбол клубы мен футзал командасын ұстауға 447 млн теңге бөлінеді. Павлодарда балалар-жасөспірімдер хоккейіне қосымша 393 млн теңге қарастырылған.

ҚПЛ клубтарының 2026 жылғы мемлекеттік тендерлері:

  • «Қызылжар» – 6,3 млрд теңге (3 жылға)
  • «Ордабасы» – 2,811 млрд теңге
  • «Жетісу» – 2,811 млрд теңге
  • «Елімай» – 2,8 млрд теңге
  • «Тобыл» – 2,693 млрд теңге
  • «Алтай» – 2,213 млрд теңге
  • «Ұлытау» – 1,987 млрд теңге
  • «Оқжетпес» – 1,2 млрд теңге
  • «Ертіс» – 1,034 млрд теңге (оның ішінде 393 млн)
  • «Жеңіс» – 999,9 млн теңге
  • «Қайсар» – 269 млн теңге (күтілетіні – 995 млн)
  • «Атырау» – 129 млн теңге (сонымен бірге 3 жылға 3,5 млрд және 447 млн)
  • «Каспий» — әзірге 0 (күтілетіні – 2,1 млрд)
  • «Ақтөбе» – әзірге 0 (күтілетіні – 971 млн)
  • «Қайрат» – 0
  • «Астана» – 0

ҚПЛ клубтарының басым бөлігі 2026 жылы да мемлекеттік қаржыландыруға арқа сүйеп отыр. Алдағы тендерлердің нәтижесі жарияланған соң, футбол саласына бөлінетін қаржы көлемі одан әрі ұлғая түсуі мүмкін.

Реклама
Реклама

Материалда: