Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаев үшінші матч қатарынан «Ақтөбеге» гол соқты

Редактор
16.03.2026, 21:59

Алматы командасы 6 ұпаймен турнирлік кестеде жеке дара көш бастады

"Қайрат" клубының баспасөз қызметі

Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында алматылық «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды жас шабуылшы Дастан Сәтпаев соқты.

Ойынның бірінші таймы тең дәрежеде өтті. Екі команда да шабуылда белсенді болып, қауіпті сәттер жасады. Әсіресе «Ақтөбе» қақпашысы Александр Заруцкий бірнеше эпизодта командасын голдан құтқарып қалды.

Екінші таймда алаң иелерінің басымдығы біртіндеп арта түсті. «Қайрат» жиі шабуыл ұйымдастырғанымен, ұзақ уақыт бойы өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады.

Матчтың шешуші сәті 76-минутта туды. Алаңға екінші таймда қосылған 17 жастағы футболшы Дастан Сәтпаев шабуылды дәл соққымен аяқтап, кездесудегі жалғыз голдың авторы атанды.

Осы жеңістің арқасында «Қайрат» маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізіп, 6 ұпаймен турнирлік кестеде жеке дара көш бастады. Ал «Ақтөбе» бірінші турда «Тобылды» ірі есеппен жеңгеннен кейін бұл жолы жеңіліске ұшырады.

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев жаңа маусымдағы Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы голын дәл осы матчта соқты. Ол ойынға 64-минутта бразилиялық шабуылшы Эдмилсонның орнына шыққан болатын.

Айта кетейік, өткен маусымда Сәтпаев Қазақстан Премьер-лигасында 11 гол соғып, чемпионаттың үздік үш бомбардирінің қатарына енген. Сонымен қатар оның Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі мен негізгі кезеңінде төрт голы бар.

Реклама
Реклама