Жарнама
Жарнама

Месси Финалиссима матчының өтпеуіне реніш білдірді

Редактор
16.03.2026, 22:02

Матч Дохада ұйымдастырылуы тиіс еді

Getty sport

Футболдан Аргентина ұлттық құрамасының капитаны Леонель Месси Финалиссима матчының өтпей қалғанына байланысты көңілі қалғанын білдірді. Белгілі болғандай, аргентиналық ойыншы Испания құрамасына қарсы өтетін бұл кездесуді 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңындағы маңызды дайындық ойыны ретінде қарастырған. Бұл туралы ESPN басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Еуропа және Оңтүстік Америка чемпиондары арасында өтетін Финалиссима матчы 27 наурызда Қатар астанасы Доха қаласында ұйымдастырылуы тиіс еді. Алайда Таяу Шығыстағы күрделі жағдайға байланысты және тараптардың балама нұсқалар жөнінде ортақ келісімге келе алмауы салдарынан кездесу өткізілмейтін болды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина құрамасы Алжир, Австрия және Иордания құрамаларымен күш сынасады. Ал Испания құрамасы өз тобында Кабо-Верде, Сауд Арабиясы және Иордания құрамаларымен кездеседі.

Қазіргі таңда ұлттық құрамалар әлем біріншілігіне дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр. Болжам бойынша, алдағы турнирде Месси бастаған Аргентина құрамасы басты фавориттердің бірі ретінде Солтүстік Америкада өтетін мундиальда топ жару мүмкіндігіне ие.

Реклама
Реклама