Жарнама
Жарнама

ФИФА Иран құрамасының матчтарын Мексикаға ауыстырмайтын болды

Редактор
18.03.2026, 11:22

Иран құрамасы АҚШ-қа бара алмайтынын мәлімдеген

Getty Images

ФИФА футболдан Иран құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы матчтарын АҚШ-тан Мексикаға ауыстыру мәселесін қарастырмайтын болды. Бұған дейін Тегеран тарапы ойындарды АҚШ-та емес, Мексикада өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқаны айтылған еді.

The Times басылымының мәліметінше, ФИФА Иран футбол федерациясының бұл бағыттағы мәлімдемесіне қарамастан, матчтарды басқа елге көшіруге мүдделі емес. TalkSport-қа берген пікірінде ұйым өкілдері барлық командалар 2025 жылғы 6 желтоқсанда жарияланған кесте бойынша өнер көрсететінін алға тартқан.

Бұған дейін Иран футбол федерациясының президенті Мехди Тадж АҚШ президенті Дональд Трамп қауіпсіздікке кепілдік жоқ деген мәлімдеме жасаған соң, Иран құрамасы бұл елге бара алмайтынын айтып, матчтарды Мексикада өткізу жөнінде ФИФА-мен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеген еді.

Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Иран құрамасы Бельгия, Египет және Жаңа Зеландия құрамаларымен бірге ойнайды. Аталған кездесулер Инглвуд (Калифорния) және Сиэтл қалаларында өтеді деп күтілуде.

Айта кететін жайт, АҚШ пен Израиль 28 ақпаннан бастап Иранға қарсы әскери операция жүргізіп жатыр. Аталған жағдай бірқатар спорттық жарыстарға әсер етіп, парсы футболшыларының кезекті әлем чемпионатында өнер көрсетуіне кедергі келтіріп отыр.

Реклама
Реклама

Материалда: