Жарнама
Жарнама

«Қайрат» әлемнің үздік 500 клубының қатарына қосылды

Редактор
Бүгін, 11:40

«Қайрат» Қазақстаннан топ-500-ге енген жалғыз клуб атанды

"Қайраттың" баспасөз қызметі

Opta суперкомпьютері футбол клубтарының жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Тізімге 13 мыңнан астам команда енді, олардың қатарында Қазақстан Премьер-лигасының клубтары да бар.

Рейтингті жасау кезінде команданың ұлттық чемпионаттағы нәтижелері, лиганың жалпы деңгейі, сондай-ақ ел мен құрлық рейтингі ескерілген.

Қазақстан клубтарының ішінде ең жоғары орынды алматылық «Қайрат» иеленді. Команда 24 сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 486-орынға жайғасты. Осылайша, «Қайрат» Қазақстаннан топ-500-ге енген жалғыз клуб атанды.

Әлемнің алғашқы мыңдығына Қазақстаннан тағы үш клуб кірді. Олар: «Астана» – 591-орын, «Тобыл» – 877-орын және «Ақтөбе» – 963-орын.

Opta рейтингіндегі ҚПЛ клубтарының орындары:

  1. «Қайрат» – 486 (+24)
  2. «Астана» – 591 (-16)
  3. «Тобыл» – 877 (-34)
  4. «Ақтөбе» – 963 (-22)
  5. «Елімай» – 1032 (-31)
  6. «Ордабасы» – 1141 (+108)
  7. «Жеңіс» – 1500 (-109)
  8. «Оқжетпес» – 1629 (+198)
  9. «Қызылжар» – 1687 (-81)
  10. «Қайсар» – 1838 (+60)
  11. «Каспий» – 1912 (-162)
  12. «Атырау» – 1939 (+45)
  13. «Ертіс» – 1957 (-7)
  14. «Алтай» – 2087 (+82)
  15. «Ұлытау» – 2323 (+130)
  16. «Жетісу» — 2382 (+98).

 

Реклама
Реклама

Материалда: