Жарнама
Жарнама

ФИФА Израиль футбол федерациясына айыппұл салды

Редактор
Бүгін, 09:29

Палестина ФИФА-ға Израильдің мүшелігін тоқтатуды ұсынған

FIFA

ФИФА Израиль футбол федерациясына Палестина тарапынан түскен шағымдардан кейін айыппұл салғанын мәлімдеді. Ұйымның тәртіптік комитеті Израиль футбол қауымдастығы (IFA) тиісті міндеттемелерін бірнеше рет бұзған деген қорытындыға келіп отыр.

Осыған байланысты IFA-ға кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және әділ ойын қағидаларын бұзу баптары бойынша санкциялар қолданылған. Мәлімдемеде тәртіптік комитеттің Палестина футбол қауымдастығы тарапынан бұрын көтерілген кемсітушілік айыптауларын тексергені айтылды.

Бұған дейін Палестина футбол қауымдастығы ФИФА конгресінде Израильдің мүшелігін тоқтатуды да ұсынған болатын. Олар Газа секторындағы жағдайға байланысты елдегі футбол инфрақұрылымы толық немесе айтарлықтай деңгейде жойылғанын алға тартқан еді. Сонымен қатар палестиналық тарап Израиль лигаларына Батыс жағалаудағы қоныстар командаларының қатысуы мен ойыншылардың жүріп-тұруына қойылған шектеулерге байланысты да шағымданған.

Нәтижесінде Израильдің футол федерациясына ескерту беріліп, 190 мың доллар айыппұл салынды. Оның үштен бір бөлігі кемсітушілікке қарсы шараларды жүзеге асыруға бағытталмақ.

Сондай-ақ Израиль құрамасы алда өтетін үйдегі үш ойында «Футбол әлемді біріктіреді - кемсітушілікке жол жоқ» деген жазуы бар баннерді өз логотипінің жанында ілуге міндеттеліп отыр.

Ал Батыс жағалаудағы командалар мәселесіне қатысты ФИФА бұл жағдай бойынша ешқандай шара қолданбайтынын атады Ұйым бұл шешімді аймақтың құқықтық мәртебесі халықаралық құқық тұрғысынан күрделі әрі толық шешілмегенімен түсіндірген.

Реклама
Реклама

Материалда: