Жарнама
Жарнама

Бернарду Силва «Манчестер Ситиден» кетпекші

Редактор
Бүгін, 12:05

Оған қызығушылық танытып отырған клубтар қатарында «Ювентус» пен «Барселона» бар

Getty Images

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва өзге клубқа ауысу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл мүмкіндікті «Ювентус» пайдаланып кетуі мүмкін деп жазады La Gazzetta dello Sport.

Жазда португалдық футболшы еркін агент ретінде Мансити сапынан кетпекші. Туриндіктер оған үш жылдық келісімшарт ұсынып отыр. Әр маусымға 7 млн еуродан жалақы төлейді.

Силва болса болашағына қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ. Бірақ, 31 жастағы футболшы жаңа клуб іздеп жатқанын жасырмай айтқан. Олардың қатарында «Ювентустың» да бар екені анық.

Сондай-ақ, португалдық ойыншыға «Барселона», «Бенфика» және «Галатасарай» қызығушылық танытып отыр. Араб лигалары мен америкалық MLS клубтары арасында да Силваға келісімшарт ұсынуға дайын командалар бар. Олардың бәріне Силва сәуір айының соңында ғана жауап беретінін мәлімдеді.

Соңғы маусымда Бернарду Силва «Манчестер Сити» сапында 41 ойын өткізіп, 3 гол соқты және нәтижелі бес пас берді.

Реклама
Реклама