Жарнама
Жарнама

«Мұндай титул маған керек емес»: Хакими Африка кубогының чемпиондық атағынан бас тартты

Редактор
Бүгін, 16:09

Марокко құрамасының өзге ойыншылары да осындай шешім қабылдайды деп үміттенемін

©instagram.com/equipedumaroc

Марокко құрамасы мен «ПСЖ» клубының қорғаушысы Ашраф Хакими Африка ұлттар кубогындағы чемпиондық атақты қабылдамайтынын мәлімдеді.

«Мен мұндай жеңісті қабылдамаймын. Маған мұндай чемпиондық титул керек емес. Марокко құрамасының өзге ойыншылары да осындай шешім қабылдайды деп үміттенемін. Біз кубокты алаңда жеңіп ала алар едік, бірақ олай болмады. Мен бұл жүлдені ұтқан жоқпын. Сенегалды жеңісімен құттықтаймын», – деген Хакимидің сөзін Akelicious келтіреді.

Бұған дейін Сенегал құрамасы Африка ұлттар кубогының финалында Марокконы қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанған еді. Алайда кейін Африка футбол конфедерациясы (CAF) Марокконың апелляциясын қанағаттандырып, Сенегалға техникалық жеңіліс тіркеді. Соның нәтижесінде чемпиондық атақ Мароккоға берілді. Бұл туралы Reuters жазды.

Шешімге сәйкес, Сенегал құрамасы матчтың соңында төреші белгілеген пенальтиге наразылық білдіріп, алаңнан уақытша кетіп қалғаны үшін 0:3 есебімен жеңілген болып танылды. Кейін команда ойынға қайта оралғанымен, CAF апелляциялық органы мұны турнир регламентін бұзу деп бағалады.

Айта кетейік, Хакимидің трофейден бас тартқаны туралы сөздер әзірге негізінен әлеуметтік желілер мен бейресми платформаларда тарады. Ал Reuters пен AP секілді ірі халықаралық агенттіктер Мароккоға чемпиондық атақ берілгенін растағанымен, Хакимидің нақты осы мәлімдемесін жеке растаған жоқ.

Реклама
Реклама

Материалда: