Жарнама
Жарнама

Антуан Гризманн «Атлетико» сапынан кетеді

Редактор
23.03.2026, 14:08

Қазір футболшының жасы 35-те.

Global Look Press

Мадридтің «Атлетико Мадрид» клубының шабуылшысы, Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Антуан Гризманн мансабын MLS лигасында жалғастырады.

Ақпаратқа сәйкес, 35 жастағы футболшы АҚШ-тың Орландо Сити клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қояды. Ол жаңа командасына 2026 жылдың шілде айында қосылады деп күтілуде. Бұл трансферді белгілі инсайдер Фабрицио Романо «Here we go» белгісімен растады.

Гризманн «Атлетико» сапында нәтижелі өнер көрсетті. Ол клубпен бірге 2014 жылы Испания Суперкубогын, 2017/18 маусымда Еуропа лигасын, сондай-ақ 2018 жылы УЕФА Суперкубогын жеңіп алды.

Биылғы маусымда француз шабуылшысы 42 матчқа қатысып, 13 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Ал жалпы алғанда, «Атлетико» жейдесінде 10 маусым өткізіп, 488 ойында 211 гол және 97 ассист тіркеген.

Реклама
Реклама