Месси мансабындағы 71-ші айып соққысынан гол соқты
Аргентина құрамасының капитаны әрі «Интер Майами» ойыншысы Лионель Месси мансабындағы 71-ші айып соққысынан гол соғып, осы көрсеткіш бойынша футбол тарихында екінші орынға тұрақтады. Бұл туралы OneFootball әлеуметтік желідегі Х парақшасында жазды.
MLS чемпионаты аясында «Нью-Йорк Сити» командасына қарсы өткен матчта (3:2) Месси 61-минутта айып соққысынан көзге түскен еді. Осылайша, 38 жастағы аргентиналық футболшы Пелені басып озып отыр.
Бұл көрсеткіш бойынша рекорд 77 гол соққан Жуниньо Пернамбуканоға тиесілі болса, футбол аңызы Пеленің еншісінде 70 гол бар.
Месси «Интер Майами» сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда ол клубқа MLS чемпионы атануға септігін тигізді.
Аргентиналық Месси футбол тарихындағы ең көп жүлде жеңіп алған ойыншы. Ол 2022 жылғы әлем чемпионы атанса, «Барселона» құрамында төрт рет Чемпиондар лигасын және он рет Испания чемпионатында үздік шыққан. Бұдан бөлек, Пари Сен-Жермен сапында екі мәрте Франция чемпионы атанды.