Жарнама
Жарнама

Жалақысы – 55 млрд: Сауд Арабиясы Салахқа келісімшарт ұсынбақ

Редактор
Бүгін, 17:30

Ол биыл ағылшын клубынан еркін агент ретінде кетуі мүмкін. 

Carl Recine / Getty Images

Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубы мысырлық жұлдыз Мохамед Салахты өз қатарына қосуға шындап кірісті.

Италиялық басылымдар мәліметінше, клуб футболшыға екі маусымға шамамен 100 миллион еуро көлемінде жалақы ұсынуға дайын. Бұл – теңгеге шаққанда шамамен 55 миллиард.

Футболшыны тегін алуға болатыны да саудиялықтар үшін маңызды факторлардың бірі. Себебі Салах 2026 жылдың жазында «Ливерпульден» еркін агент ретінде кетуі мүмкін, яғни жаңа клубқа трансферлік өтемақы төлеудің қажеті жоқ – тек ойыншымен келісімге келіп, көңілінен шығатын шарттар ұсыну жеткілікті.

Еске сала кетейік, мысырлық шабуылшы «Ливерпуль» сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол 435 матч өткізіп, 255 гол соғып, 122 нәтижелі пас берген. Салах клуб тарихындағы ең нәтижелі ойыншылардың біріне айналып, Юрген Клопп кезеңінің басты жұлдыздарының бірі болды.

Реклама
Реклама