Жарнама
Жарнама

Роберт Левандоски ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтады

Редактор
Бүгін, 11:23

Футболшы ұлттық құрамамен Швецияға қарсы ойында соңғы рет алаңға шықты. 

instagram.com/_rl9

Футболдан Польша ұлттық құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски командадағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. 

Польша құрамасы Швецияға қарсы әлем чемпионатына жолдама беретін шешуші ойында есе жібергеннен кейін Левандовски алаңнан кетіп бара жатқан суретін жариялап, қоштасуды меңзейтін суретін жариялады.

Стокгольмде өткен финалдық іріктеу матчында Польша тартысты ойында Швециядан 2:3 есебімен жеңілген болатын. Бұл ойынша поляк футболшылары үздіксіз шабуылдап, жақсы ойын көрсеткенімен 2026 жылы өтетін әлем біріншілігіне жолдама иелене алмады.

Белгілі шабуылшы Польша құрамасында 2008 жылдың қыркүйегіннен бері өнер көрсетті.18 жылға жуық уақыт ішінде ол ұлттық құрамамен 165 ойын өткізіп, 89 гол соқты. Сонымен бірге, 38 нәтижелі пас берген.

Қазіргі уақытта Роберт Левандовски «Барселона» сапында өнер көрсетеді. 2022 жылдан бері каталондық клуб сапында 127 ойын өткізіп, 80 рет қарсыластар қақпасынан саңылау тапты.  

Реклама
Реклама