Жарнама
Жарнама

Магомед Адиев «Ақтөбемен» келіссөз жүргіземін деп жұмыссыз қалды

Редактор
01.04.2026, 17:07

Ол самаралық клубтағы қызметінен кетті. 

kazfootball.kz

Ресейдің «Крылья Советов» клубының бапкерлік құрамында өзгеріс болды. Команда тізгінін ұстаған Магомед Адиев қызметінен кетті. Бұл туралы самаралық клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

Клуб таратқан ақпаратқа сәйкес, тараптар өзара келісім негізінде әріптестікті тоқтату туралы шешім қабылдаған.

«Магомед Адиев «Крылья Советовтен» кетті, енді команданы Сергей Булатов басқарады. Магомед Адиев команда тізгінін 2025/2026 маусым алдында ұстаған. Оның жетекшілігімен самаралықтар 22 турдан соң турнирлік кестеде 13-орында келеді (бес жеңіс, алты тең ойын, 11 жеңіліс)», – делінген мәліметте.

Клуб Адиевтің атқарған еңбегін атап өтіп, оған алдағы мансабында сәттілік тіледі.

Енді команданы уақытша Сергей Булатов жаттықтырады. Ол – клубқа жақсы таныс маман. Өзі «Крылья Советов» сапында 1997-1998 жылдары ойнап, 29 матчта 10 гол соққан. 2020 жылдан бері бапкерлік штабта жұмыс істеп келеді.

Клуб мәліметінше, Булатов жаттықтырушылар құрамында болған кезеңде команда ҰФЛ-да бірқатар рекорд орнатып, мерзімінен бұрын чемпион атанған, сондай-ақ тарихында екінші рет Ресей кубогының финалына дейін жеткен.

Айта кетейік, Магомед Адиевтің қызметтен кетуі оның «Ақтөбе» клубының басшылығымен жүргізген келіссөздері аясындағы дау-дамаймен тұспа-тұс келіп отыр.

Енді қазақстандық клуб тізгінін 53 жастағы словак жаттықтырушысы Штефан Таркович ұстауы мүмкін деген болжам бар.

Реклама
Реклама