Спортшы мансабын аяқтағаннан кейін де табыс табуды жалғастырып келеді.
Америкалық Sportico порталы әлем тарихындағы ең жоғары табыс тапқан 50 спортшының тізімін жариялады. Бұл нәтижелер 2026 жылға дейінгі спорттық мансаптағы жалпы табысты (мансап аяқталғаннан кейінгі кірістерді қоса) және инфляцияны ескере отырып жасалған.
Бірінші орынды алты дүркін NBA чемпионы Майкл Джордан иеленді. Оның жалпы табысы $4,5 млрд-қа жеткен. Спортшы мансабын аяқтағаннан кейін де табыс табуды жалғастырып келеді. Мысалы, Nike компаниясымен 1984 жылы жасаған келісімшарты арқылы тек 2025 жылдың өзінде шамамен $275 млн табыс тапқан.
Екінші орында 15 мәрте «мэйджор» турнирлерінің жеңімпазы Тайгер Вудс ($2,88 млрд). Үшінші орынды бес дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду ($2,52 млрд) иеленді.
Алғашқы ондыққа кірген спортшылары қатарында Леброн Джеймс ($2,03 млрд), Лионель Месси ($1,99 млрд), Арнольд Палмер ($1,85 млрд), Джек Никлаус ($1,83 млрд), Дэвид Бекхэм ($1,68 млрд), Роджер Федерер ($1,67 млрд), кіші Флойд Мейвезер ($1,57 млрд) бар. Сонымен бірге, тізімге жалғыз әйел спортшы Серена Уильямс (теннис) 680 млн доллар табысымен 40-орынға тұрақтады.
Sportico дерегінше, он түрлі спорт түрінен енген 50 спортшы жалпы есепте инфляцияны қоса алғанда $56,2 млрд табыс тапқан. Тізімде спорт түрі бойынша ең көбі баскетболшылар (13 адам), одан кейін гольф өкілдері (8) және боксшылар (7) бар. Бұл топ-50-дегі спортшылардың тек 17-сі ғана қазіргі уақытта кәсіби мансабын жалғастырып жатыр.