Жарнама
Жарнама

Инвесторы жоқ, әкімдікке қарап отырған ҚПЛ клубы қаржылық қиындыққа тап болды

Редактор
11.04.2026, 16:17

Сонымен қатар, инфрақұрылымдық мәселелер де жағдайды қиындатып отыр

Фото: instagram.com/caspiy_fc

Ақтау қаласының «Каспий» футбол клубында қаржылық мәселелер ушығып барады. Бұл туралы Sports24.kz жазды.

Мәліметтерге сәйкес, клуб ойыншылары мен қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақыларын толық көлемде ала алмай келеді. Қаңтар айы үшін футболшыларға тек жалақының бір бөлігі ғана төленген. Ал негізгі команда қызметкерлеріне жыл басынан бері мүлде еңбекақы берілмеген.

Қаржылық тұрақсыздық ұжым ішіндегі ахуалға да кері әсер етуде. Жалақысыз қалған кейбір қызметкерлер клубтан кетуге мәжбүр болған.

Сонымен қатар, инфрақұрылымдық мәселелер де жағдайды қиындатып отыр. Ақтаудағы «Жас Қанат» стадионының дайын болмауына байланысты «Каспий» өз алаңындағы ойындарын Қызылордада өткізіп жүр. Ал жаттығу процесі Шымкент қаласындағы БИИК базасында ұйымдастырылған. Ойын алдындағы күні команда автобуспен Қызылордаға жол тартады.

Биыл Премьер-лигаға қайта оралған клуб турнирлік кестеде де қиындықтарға тап болуда. Төрт тур қорытындысы бойынша «Каспий» үш рет жеңіліп, бір ойында тең түсті. Қазіргі таңда команда 15-орында тұр.

Айта кетейік, «Каспий» биылғы алғашқы жеңісіне Қазақстан Кубогының 1/16 финалында қол жеткізіп, Бірінші лига өкілі «Батыр» клубын жеңген еді. Келесі ойынын команда 12 сәуір күні сырт алаңда «Ақтөбе» клубына қарсы өткізеді.

Реклама
Реклама

Материалда: