Жарнама
Жарнама

Спортта жалғыз арманым бар, соны орындау үшін ораламын – Айсұлу Тыныбекова

Редактор
Бүгін, 00:35

Маған спортта бір ғана нәрсе жетіспейді

Әлеуметтік желі

Әйелдер күресінен Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, қырғыздың танымал балуаны Айсұлу Тыныбекова үлкен спортқа оралу туралы сұраққа көпшілік алдында жауап берді. 

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында спортшы жанкүйерлер алдында сөз алып, өзінің үлкен жаңалықтарын мәлімдеді. 

«Бүгінде мен ана атандым. Қазір сіздердің қатарларыңызда жанкүйер болып отырмын. Сол себепті, «Жаштык аренаға» арнайы түрде балуандарымызды қолдауға келдім. Маған спортта бір ғана нәрсе жетіспейді. Ол Олимпиаданың алтын жүлдесі! Сондықтан 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына қатысамын», - деді балуан. 

Естеріңізде болса, Париж олимпиадасынан кейін спортшы елдің күрес федерациясының вице-президенті лауазымына тағайындалды. Сонымен бірге, тұрмысқа шыққан балуан 2026 жылдың басында сәбилі болған еді. 

Қырғызстанның танымал балуаны Токио және Париж олимпиадаларында күміс және қола медаль иеленген болатын. Сонымен қатар, ол әлем біріншіліктерінің үш дүркін чемпионы атанған. 1993 жылы туған балуан 2012 жылдан бері Олимпиада ойындарына 4 рет қатысты. Лондон ол іріктеу кезеңдерінде сүрінсе, Рио Олимпиадасында бесінші орынға тұрақтады.

Реклама
Реклама