Футболшы «Челсидің» U15 құрамына қабылданған
Англияның Челси клубының академиясы Өзбекстаннан шыққан 16 жастағы футболшы Зуфархожа Акрамхожаевпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Repost.uz жазды.
Мәліметке сәйкес, жас ойыншы іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, «Челсидің» U15 құрамына қабылданған. Зуфархожа Акрамхожаев 2010 жылы Әндіжан қаласында дүниеге келген. Бұған дейін ол «Андижан-SGC» клубының намысын қорғаған.
Дереккөздердің мәлімдеуінше, өзбекстандық футболшы лондондық клуб академиясына биылғы қыркүйек айында қосылады. Келісімшарт екі жылға есептелген. Қазіргі уақытта қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Айта кетейік, бұған дейін «Челси» жүйесіндегі Орталық Азиядан шыққан жалғыз ойыншы – Қазақстан құрамасы мен Қайрат клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев болған еді. 17 жастағы футболшы 2025 жылдың басында 4 миллион фунтқа сатып алынып, 18 жасқа толған соң, яғни биыл тамыз айында лондондық клубқа ресми түрде қосылуы тиіс.