Жарнама
Жарнама

Ресей бапкері қазақстандық қақпашылардың деңгейіне баға берді

Редактор
15.04.2026, 14:42

Ресейлік бапкер қазақ қақпашыларын назарда ұстап жүргенін атап өтті

коллаж: 1bol.kz

Ресей құрамасының қақпашылар жаттықтырушысы Виталий Кафанов қазақстандық қақпашылар туралы пікір білдірді.

«Қайраттың» ойыншылары Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмырзаны Чемпиондар лигасындағы матчтарда көрдім. Сондай-ақ Стас Покатиловтың мансабын бақылап жүрмін. Мұхаммеджан Сейсен мен Данила Устименко жайлы да аз-кем мәліметім бар. Барлығы да — әлеуеті жоғары, әлі де өсіп, үлкен жетістіктерге жете алатын қақпашылар, — деді Кафанов «Дядя Ваня» телеграм-арнасына.

Айта кетейік, 22 жастағы Темірлан Анарбеков «Қайраттың» Еуропаның басты клубтық турнирінің топтық кезеңіне шығу жолындағы шешуші матчта шотландиялық Селтикке қарсы пенальти сериясында бес соққының үшеуін тойтарып, командасының тарихи жеңісіне елеулі үлес қосты.

Ал 18 жастағы Шерхан Қалмырза топтық кезеңнің өзінде жарқырай көрінді. Лиссабондық Спортингке қарсы кездесуде ол Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында пенальти қайтарған ең жас қақпашы атанды.

Реклама
Реклама

Материалда: