Жарнама
Жарнама

Қазақстан әйелдер құрамасы ФИФА рейтингінде 16 сатыға жоғарылады

Редактор
22.04.2026, 10:15

Қазақстан құрамасы қайтадан үздік 100 команда қатарына енді

ҚФФ

Қазақстанның әйелдер құрамасы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) жариялаған жаңа рейтингте айтарлықтай серпіліс жасап, бірден 16 орынға көтерілді.

2026 жылғы 18 сәуірде әлем чемпионаты–2027 іріктеу кезеңі аясында өткен матчта қазақстандық футболшылар бейтарап алаңда, Грузияда Беларусь құрамасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Осы жеңіс ұлттық құраманың рейтингтегі позициясына тікелей әсер етті.

Халықаралық матчтар қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы қайтадан үздік 100 команда қатарына енді. Қазір Бегайым Қырғызбаева жаттықтыратын ұжым 1203,95 ұпаймен 97-орынға жайғасты. Бұл көрсеткіш бойынша қазақстандықтар Куба және Гуам құрамаларымен қатар тұр.

Рейтингтің көшін бұрынғысынша Испания бастап тұр. Екінші орында – АҚШ құрамасы. Ал үздік үштікке Англия еніп, Германияны бір сатыға ығыстырды.

ФИФА-ның 2026 жылғы 21 сәуірдегі әйелдер құрамалары рейтингісінің үздік ондығы:

  1. Испания – 2083,09
  2. АҚШ – 2054,65
  3. Англия – 2038,72
  4. Германия – 2021,78
  5. Жапония – 2011,27
  6. Бразилия – 1980,00
  7. Франция – 1975,60
  8. Швеция – 1961,22
  9. Канада – 1934,88
  10. Нидерланд – 1929,32

Қазақстан – 97-орын (1203,95 ұпай).

Реклама
Реклама

Материалда: