Жарнама
Жарнама

Түркістандық футбол клубы 44 қызметкерге 101 миллион теңге қарыз болып шықты

Редактор
Бүгін, 12:16

Басшылық 2 жылдан бері қызметкерлеріне жалақы бермеген

Әлеуметтік желі

Түркістан облысында «Қыран» футбол клубының 44 қызметкеріне 101,2 миллион теңге көлемінде жалақы қарызы бар екені анықталды.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мәлімдеді. Ведомство дерегінше, өңірде биылғы жылдың бірінші тоқсанында жалақы берешегі тіркелген кәсіпорындар анықталмаған. Алайда екі жылдан бері қызметкерлер алдындағы қомақты қарызын өтемей келе жатқан бір ұйым бақылауда тұр.

Департамент басшысының орынбасары Мұрат Төлендиевтің айтуынша, 2024 жылдан бері қордаланған «Қыран» футбол клубының 44 қызметкер алдындағы берешегі бүгінде 101,2 миллион теңгеге жеткен.

— Аталған факті бойынша мекеме басшылығына орындалуы міндетті нұсқамалар беріліп, әкімшілік шаралар қолданылды. Атқарушылық іс жүргізу аясында сот орындаушылары ұйымның есепшоттарына тыйым салды. Қарызды өндіру жұмыстары жалғасып жатыр, — деді Мұрат Төлендиев баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ департамент өкілі бұл мәселе толық шешілгенге дейін қатаң бақылауда болатынын атап өтті.

Реклама
Реклама

Материалда: