Жарнама
Жарнама

«Қайрат» матч трансляцияларын ақылы етуді жоспарлап отыр

Редактор
Бүгін, 09:54

Боранбаев «Қайрат» трансляцияларына қатысты жоспарын айтты

ФК "Қайрат"

Алматылық «Қайрат» клубы болашақта өз матчтарының трансляциясын ақылы форматқа көшіруі мүмкін. Бұл туралы клуб төрағасы Қайрат Боранбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір клуб Қазақстан футбол федерациясы-мен телетрансляция құқықтарын өз бетінше сату мәселесін талқылап жатыр.

— Қазіргі таңда телетрансляция құқықтарынан түсетін табысымыз — нөл. Себебі матчтар әзірге тегін көрсетіліп жатыр. Біз жеке клуб ретінде федерациядан бұл құқықтарды өзіміз сатуға мүмкіндік беруді көптен бері сұрап келеміз. Түсірілімді де, сатылымды да өзіміз ұйымдастыруға дайынбыз, — деді Боранбаев.

Қазір Қазақстан чемпионаты матчтарының телетрансляция құқықтары орталықтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылады. Яғни трансляцияларға қатысты барлық құқық Қазақстан футбол федерациясы мен серіктес телеарналар пулына тиесілі.

Техникалық регламентке сәйкес, клубтар стадиондарды трансляция өткізуге бейімдеп беруге міндетті. Атап айтқанда, камера орындары, сұхбат аймақтары және интернет арналары дайын болуы керек. Алайда клубтардың бұл үшін ақы алуға құқығы жоқ.

Реклама
Реклама