«Хапоэльге» ауысқан Артур Шушеначев бірінші голын соқты (ВИДЕО)

Редактор
18.02.2024, 10:46

Оның командасы тең ойнады

Sports.kz

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев «Хапоэль Беэр Шева» клубындағы алғашқы голын соқты.

Израиль чемпионатының кезекті турында «Хапоэль» Петах-Тиква қаласының «Маккаби» клубымен кездескен болатын. Ойынның 78-минутында қорғаушылар арасынан сытылып шыққан Шушеначев гол соғып, есепті теңестірген (1:1). Алайда, оның командасы жеңіске жете алмады.

22 ойынның нәтижесінде «Хапоэль Беэр Шева турнир кестесінің үшінші сатысында келеді. Бірінші орында хайфалық «Маккаби» болса, екінші орында тельавивтік «Маккаби» тұр.

Материалда: