Соңғы матчта сәтсіз ойнаған Абат Айымбетовті бапкер негізгі құрамнан алып тастады

Редактор
18.02.2024, 15:14

Оны Марио Балотелли алмастырады

«Адана Демирспор» ФК

Түркия Суперлигасының кезекті турында «Адана Демирспор» сырт алаңда «Аланьяспормен» кездеседі. Аталған матчта қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов негізгі құраммен алаңға шықпайды.

«Адананың» бас бапкері Хикмет Караман қазақ футболшысының орнына италиялық әйгілі шабуылшы Марио Балотеллиді қойып отыр. Оның мұндай шешім қабылдауына команданың соңғы матчта «Касымпашадан» жеңілуі (1:3) себеп болуы мүмкін. Аталған ойында Абат гол сала алмағын өз алдына, командасының қақпасына пенальти белгілеуге себеп болды.

Айта кетейік, Абат Айымбетов «Адана Демирспор» клубына ауысқалы екі матч ойнады. Екеуінде де оның командасы жеңілді.