Жарнама
Жарнама

«Реал» жанкүйерлері Мбаппенің клубтан кетуін талап етті

Редактор
05.05.2026, 20:22

Мбаппеге қарсы петицияға миллион адам қол қойған

Gettysport

«Реал Мадрид» клубының жанкүйерлері Килиан Мбаппенің командадан кетуін талап етіп, арнайы петиция жариялады. 

Соңғы уақытта француз шабуылшысына клуб ішінде ерекше жағдай жасалып жатқаны жөнінде ақпараттар тарап, әлеуметтік желілерде оны «диктатор» деп атаушылар көбейген. Осы жағдайдан кейін петиция авторлары команда болашағы үшін Мбаппенің кеткені дұрыс болады деп есептейді.

«Реал» жанкүйерлері, өз дауыстарыңызды білдіріңіздер. Егер клубқа өзгеріс қажет деп санасаңыздар, үнсіз қалмаңыздар. Петицияға қол қойып, команданың болашағы үшін маңызды деп есептеген ұстанымдарыңызды қорғаңыздар», – делінген үндеуде.

5 мамыр күні сағат 19:00-дегі мәлімет бойынша, петицияға қол қойғандар саны бір миллионнан асып кеткен.

Реклама
Реклама