Жарнама
Жарнама

Вальверде мен Тчуамени арасындағы төбелес: футболшы мән-жайды түсіндірді

Редактор
Бүгін, 09:36

Уругвайлық футболшының басы жарылған

Getty Images

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде таңғы жаттығу кезінде командаласы Орельен Тчуамени екеуінің арасында болған жанжал туралы ақпаратқа пікір білдірді.

Есте болса, бұған дейін БАҚ бетінде қос футболшының төбелескені, салдарынан Вальверденің жарақат алғаны жазылған болатын. Дегенмен, уругвайлық футболшы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, киім ауыстыру бөлмесіндегі жанжал қол жұмсауға дейін бармаған.

«Киім ауыстыратын бөлмеде мұндай жайттар болып тұрады және әдетте команда ішінде шешіледі, жұртшылыққа жария болмайды.

Әлдекім қауесет таратып жүргені анық, ал «Реал» маусымды титулсыз өткізіп жатқандықтан және үнемі назарда болғандықтан, бәрі шамадан тыс әсіреленіп жатыр.
Бүгін тағы да түсініспеушілік болды. Дау кезінде мен байқаусызда үстелге басымды соғып алдым, соның салдарынан маңдайымда кішкентай жара пайда болып, дәрігерге тексеріске баруға тура келді.

Командаласым мені ұрған жоқ, мен де оны ұрған жоқпын. Әрине, адамдарға біз төбелесіп қалды немесе бәрі әдейі жасалды деп сену оңайырақ екенін түсінемін, бірақ түк те болған жоқ.

Масымдағы сәтсіздіктер, кей командаластардың 100% беріліп ойнамауы менің ашуымды тудырды және осындай жанжалға алып келді. Сол үшін өкінемін. «Реал» менің өмірімнің маңызды бір бөлшегі болғандықтан жағдайға бейжай қарай алмадым. Жиналып қалған эмоциялар мағынасыз жанжалға әкелді, ол менің беделіме нұқсан келтіріп, ойдан шығарылған әңгімелер мен жалаға жол ашты әрі кездейсоқ жағдайға отқа май құйғандай әсер етті.

Маусым аяқталғанша ешнәрсе айтқым келмеген еді. Біз Чемпиондар лигасынан шығып қалдық, мен ашуым мен ренішімді ішімде сақтап жүрдім. Біз тағы бір жылды босқа өткіздік, сондықтан әлеуметтік желіде жазба жариялайтын жағдайда болған жоқпын — өзімді тек алаңдағы ойыныммен көрсетуім керек еді.

Сондықтан келесі матчта медициналық шешімге байланысты ойнай алмаймын. Бұл мен үшін өте ауыр. Әрдайым соңына дейін бар күшімді салдым, сондықтан мұны істей алмау маған қатты батады. Клубпен және командаластарыммен олардың қажет деп тапқан кез келген шешімі бойынша ынтымақтасуға дайынмын», — деп жазды Вальверде әлеуметтік желідегі парақшасында.

Реклама
Реклама