Жарнама
Жарнама

Қазақстан футболының аңыз ойыншысы басшылық қызметке келді

Редактор
Бүгін, 14:29

Павлодарлық «Ертіс» клубында кадрлық өзгеріс болды

әлеуметтік желі

Павлодарлық «Ертіс» клубында кадрлық өзгеріс болды. Команданың жаңа президенті қызметіне қазақстандық футболға кеңінен танымал Мұрат Тілешев тағайындалды.

Клуб басшылығы бұл шешім «Ертістің» алдағы даму бағыты мен команданың әлеуетін күшейту мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.

Мұрат Тілешев – қазақстандық футбол тарихындағы белгілі шабуылшылардың бірі. Ол кәсіби мансабында елдің тоғыз клубының намысын қорғап, бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар Премьер-лигада үздік сұрмерген атанып, отандық футболдағы ең нәтижелі ойыншылардың бірі ретінде танылды.

Оның футболшылық жолындағы ерекше кезең павлодарлық «Ертіспен» байланысты. Тілешев клуб сапында төрт маусым ойнап, алғашқы жылы-ақ Қазақстан чемпионы атанды әрі маусымның үздік бомбардирі болды. Жалпы павлодарлық команда құрамында 143 матч өткізіп, 56 гол соққан.

Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін ол Қазақстан футбол федерациясында жұмыс істеп, кейін бірқатар клубта басшылық қызмет атқарды. Әр жылдары Шахтер, Астана, Тұран және Оқжетпес құрылымдарында еңбек етті.

Павлодарлық клуб жаңа басшының тәжірибесі мен футболдағы беделі команданың дамуына серпін беріп, «Ертістің» бұрынғы деңгейіне қайта көтерілуіне ықпал етеді деп сенеді.

Реклама
Реклама