Жарнама
Жарнама

Лионель Месси өзіне ұқсайтын жас футболшының есімін атады

Редактор
Бүгін, 15:06

Лионель Месси Ламин Ямаль туралы күтпеген пікір айтты

Getty Images

Лионель Месси қазіргі жас футболшылардың арасынан өзіне көбірек ұқсайтын ойыншыны атады. Аңыз шабуылшының пікірінше, бұл – Ламин Ямаль.

Қазір «Интер Майами» сапында өнер көрсететін аргентиналық жұлдыз жас таланттың болашағына жоғары баға берді.

«Егер бір футболшыны таңдау керек болса, оның жасын, осы уақытқа дейін жеткен деңгейін және алда күтіп тұрған болашағын ескерсек, бұл – Ламин Ямаль. Мен үшін ол қазіргі жас буынның ең үздік ойыншысы», – деді Лионель Месси Diario Sport басылымына берген сұхбатында.

18 жастағы Ламин Ямаль – Барселона академиясының түлегі. Ол негізгі команда сапында 2023 жылдың шілде айынан бері өнер көрсетіп келеді.

Биылғы маусымда жас шабуылшы барлық турнирде 45 матч өткізіп, 24 гол соғып, 18 нәтижелі пас берген. Клубпен жасалған келісімшарты 2031 жылдың жазына дейін жарамды. Ал Transfermarkt порталы футболшының нарықтағы бағасын 200 миллион еуроға бағалап отыр.

Жуырда Ламин Ямаль Испания чемпионатының 33-туры аясындағы «Сельтаға» қарсы матчта жарақат алып қалған еді. Кейін Барселона оның маусымның қалған бөлігін өткізіп жіберетінін хабарлады. Дегенмен дәрігерлер футболшы 2026 жылғы әлем чемпионатына дейін толық қалпына келеді деп күтуде.

Айта кетейік, Ламин Ямаль әлемдегі ең үздік жас футболшыға табысталатын беделді Trophy Kopa жүлдесін екі рет жеңіп алған.

Реклама
Реклама