FIFA рейтингінде әлемнің үздік сегіздігіне көтерілді
Қазақстан футзал құрамасы FIFA рейтингіндегі орнын жақсартып, әлемнің үздік сегіз құрамасының қатарына көтерілді.
Сәуір айында қазақстандық команда Ақтауда Әзербайжан футзал құрамасына қарсы екі жолдастық матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен болатын. Бұл кездесулер Какаудің бас бапкер қызметіне қайта оралғаннан кейінгі алғашқы ойындары болды.
2026 жылдың 8 мамырында жаңартылған FIFA рейтингінде Қазақстан футзал құрамасы бір саты жоғарылап, тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Украина футзал құрамасын артта қалдырды.
Ерлер арасындағы рейтингте көш басында Бразилия футзал құрамасы тұр. Одан кейін Португалия мен Испания құрамалары орналасқан.
2026 жылғы 8 мамырдағы FIFA ерлер футзал рейтингі:
Ал әйелдер арасындағы рейтингте Қазақстан әйелдер футзал құрамасы тоғыз саты төмендеп, 65-орынға түсті. Қазақстан құрамасы бұл тізімде Қырғызстан және Перу құрамаларымен қатар тұр.
Әйелдер рейтингінде де бірінші орынды Бразилия әйелдер футзал құрамасы сақтап қалды.