Жарнама
Жарнама

Ливияда жанкүйерлер төрешінің шешіміне қарсы шығып, премьер кеңсесін өртеді

Редактор
Бүгін, 10:05

Оқиға төрешінің даулы шешімінен кейін басталған

Видеодан кадр

Ливия астанасы Триполиде футбол матчынан кейін жаппай тәртіпсіздік болып, жанкүйерлер премьер-министр кеңсесінің ғимаратын өртеп жіберді.

Оқиға төрешінің даулы шешімінен кейін басталған. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, матч кезінде арбитр пенальти белгілемей қойғаннан кейін ашуға булыққан жанкүйерлер алаңға басып кірген. Артынша жағдай ушығып, қала көшелерінде қақтығыстар басталған.

Тәртіпсіздікті басу үшін әскерилер оқ атуға мәжбүр болған. Қақтығыс салдарынан бір сарбаз қаза тауып, тағы жеті әскери жараланған.

Кейін тәртіпсіздік Триполидің бірнеше ауданына тараған. Наразылық білдірушілер премьер-министр канцеляриясы орналасқан ғимаратқа шабуыл жасап, үкімет кешеніндегі бірнеше кеңсені өртеген. Сондай-ақ Аль-Сикка-роуд ауданындағы үкіметтік кешен ішінде бірнеше ғимаратқа от қойылған. Сонымен қатар стадион маңында қауіпсіздік күштерінің көліктері мен жергілікті телеарналардың бірінің автокөлігі өртелген.

Тәртіпсіздікке матчтағы төреші шешімдері себеп болғаны айтылуда. «Аль-Иттихад» клубы ойын барысында қабылданған барлық шешімдерді қайта қарап, матч нәтижесіне әсер еткен әрекеттерге қатысты арнайы тергеу жүргізуді талап етті.

Әзірге Ливия билігі оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Реклама
Реклама

Материалда: