Жарнама
Жарнама

«Әл-Наср» тағы жеңіліп, Роналду 14-ші трофейінен айырылды

Редактор
Бүгін, 11:23

Жапониялық «Гамба Осака» саудиялық команданы 1:0 есебімен ұтты

Reuters

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы Азия чемпиондар лигасының финалында жеңіліс тапты.

Шешуші кездесуде Эр-Риядтағы «Кингдом Аренада» жапониялық «Гамба Осака» саудиялық команданы 1:0 есебімен ұтты. Матчтағы жалғыз голды 30-минутта түркиялық шабуылшы Дениз Хаммет соқты. Нәтижелі пасты тунистік форвард Иссам Джебали берді.

Осылайша, «Гамба Осака» Азиядағы маңыздылығы жағынан екінші клубтық халықаралық турнирде топ жарған алғашқы жапон командасы атанды. Ал «Әл-Наср» өз тарихында алғаш рет осы турнирдің финалына дейін жетті.

Матчта португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду капитандық таңбамен негізгі құрамда алаңға шығып, толық ойын өткізді. Осылайша, португалиялық жұлдыз «Әл-Насрға» ауысқалы бері қатарынан 14-ші жүлдесінен айырылып отыр. Роналду матчтан кейін күміс медаль алу рәсіміне де қатыспады.

Дегенмен, «Әл-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатында маусым аяқталуына бір тур қалғанда көш бастап тұр. Команданың еншісінде 83 ұпай бар. Екінші орында келе жатқан «Әл-Хилялдың» активінде – 81 ұпай.

Реклама
Реклама