Жарнама
Жарнама

«Сары-қаралардың» шайқасы және Кубок ширек финалының қайталануы

Редактор
Бүгін, 13:21

Olimpbet сарапшылары ҚПЛ-дегі «Жеңіс» – «Қайрат» және «Ордабасы» – «Жетісу» матчтарына талдау жасады

Olimpbet Arena

Қазақстан. Премьер-лига. Оныншы тур.
«Жеңіс» (Астана) – «Қайрат» (Алматы). 17 мамыр, 17:00 (Астана уақыты).

ҚПЛ-дің оныншы турындағы басты оқиға – Астанада сары-қара түсті екі команда, «Жеңіс» пен «Қайрат» арасындағы тартыс болмақ.

Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде алматылық клубты айқын фаворит деп санайды. Олардың пікірінше, қонақтардың жеңіске жету мүмкіндігі алаң иелеріне қарағанда шамамен үш есе жоғары.

Турнирлік жағдай

«Қайрат» – елдің қазіргі чемпионы әрі биылғы біріншіліктің жеке дара көшбасшысы. Ал «Жеңіс» тоғыз тур қорытындысы бойынша турнир кестесінде сегізінші орында орналасып, көшбасшыдан тоғыз ұпай қалып келеді. Дегенмен, алматылықтар астаналық командаға қарағанда бір матч артық өткізген. Сондықтан жоғалтқан ұпайлар бойынша айырмашылық сәл аздау.

Сонымен қатар, «Жеңіс» бұл ойынға қатарынан төрт жеңіспен келіп отыр: команда Премьер-лигада да, Қазақстан Кубогында да екі-екіден матч ұтып, апта ортасында турнирдің жартылай финалына шықты.

Ал «Қайрат» соңғы ҚПЛ матчында «Ұлытауды» жеңе алмады (1:1), ал Қазақстан Кубогынан 1/8 финал кезеңінде-ақ шығып қалды.

Статистика

Рафаэль Уразбахтиннің командасы лигадағы ең нәтижелі шабуылға (15 гол) және ең сенімді қорғанысқа (5 жіберілген гол) ие.

Ал Али Алиев жаттықтыратын ұжымның доп айырмасы теріс көрсеткіште (минус 3). «Жеңіс» қарсыластар қақпасына жеті гол соқса, өз қақпасына он гол жіберіп алды.

«Қайраттың» соққылар саны бойынша айқын басымдығы бар (матчына орта есеппен 15,8 қарсы 10,4), қақпаға дәл бағытталған соққыларда (5,4 қарсы 3,2), бұрыштамаларда (5,8 қарсы 4) және допқа иелік етуде (55% қарсы 50%).

Қарсыласу тарихы

Жалпы жеке кездесулер статистикасында алматылықтар басым: 25 жеңіс, 14 жеңіліс және бес тең ойын. Алайда бұл әрдайым осылай болмаған. Мысалы, 2005 жылдың мамырынан 2008 жылдың қарашасына дейін «Қайрат» «Жеңісті» бірде-бір рет жеңе алмаған (алты жеңіліс және екі тең ойын).

Бірақ 2024 жылғы маусымда астаналық клуб ҚПЛ-ге қайта оралғаннан бері, керісінше, «Жеңіс» чемпионат аясында «Қайратты» әлі ұта алған жоқ (бір тең ойын және үш жеңіліс).

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары қонақтардың гол соғатынына сенімді. Оның үстіне, олар кем дегенде екі рет мергендік танытуы мүмкін деп есептейді.

Сондай-ақ, олардың пікірінше, есепті бірінші таймның өзінде «Қайрат» ашады.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Жетісу» (Талдықорған). 17 мамыр, 20:00.

ҚПЛ-2026 оныншы турының бағдарламасын Шымкенттегі матч қорытындылайды. Онда жергілікті «Ордабасы» талдықорғандық «Жетісуды» қабылдайды.

Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде алаң иелеріне айтарлықтай басымдық береді. Олардың ойынша, шымкенттіктердің екі доп айырмасымен сенімді жеңіске жету мүмкіндігі қонақтардың кем дегенде тең нәтиже көрсету ықтималдығынан жоғары.

Турнирлік жағдай

«Ордабасы» – чемпионат көшбасшыларының бірі және жоғалтқан ұпайлар бойынша турнир кестесін бастап тұрған «Қайратпен» тең келеді. Ал жетісулықтар турнир кестесінің ортасында орналасып, шымкенттіктерден жеті ұпайға қалып отыр.

Соңғы ойындардағы динамика да талдықорғандықтардың пайдасына емес: олар Премьер-лиганың соңғы екі турында небәрі бір ұпай жинады (бір тең ойын және бір жеңіліс). Ал оңтүстік командасы маусым басталғалы бері әлі жеңілген жоқ.

Статистика

«Ордабасы» көбірек гол соқты (14 қарсы 11) және аз гол жіберді (6 қарсы 12). Шымкенттіктер соққылар саны бойынша (17,2 қарсы 9,2), қақпаға дәл соққыларда (5,55 қарсы 3,55) және бұрыштамаларда (6,33 қарсы 3,77) басымдыққа ие.

Сонымен қатар, Андрей Мартиннің командасы Қайрат Нұрдәулетовтің ұжымына қарағанда допты әлдеқайда жақсы бақылайды (57% қарсы 49%).

Қарсыласу тарихы

Жеке кездесулер статистикасында оңтүстік командасының басымдығы айқын: 32 жеңіс, 20 жеңіліс және 16 тең ойын. Соңғы уақытта шымкенттіктер бұл артықшылықты одан әрі нығайтты — соңғы он кездесудің сегізінде жеңіске жетіп, тек біреуінде ғана жеңілді.

Бірнеше күн бұрын осы қарсыластар Қазақстан Кубогы-2026 ширек финалында да кездескен еді, әрі матч тағы да Шымкентте өтті. Алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары бұл матчта алаң иелері басымдық танытып, кем дегенде екі гол соғады деп есептейді.

Ал Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтетін матчтың өзі нәтижелі, яғни «тотал жоғары» болатын ойындардың қатарына қосылуы әбден мүмкін.

Реклама
Реклама