44 жастағы бапкермен жасалған келісімшарт төрт жылға есептелген
Испаниялық маман Хаби Алонсо лондондық «Челси» клубының жаңа бас бапкері атанды. Осылайша қазақстандық жас талант Дастан Сәтпаев енді әйгілі маманның қол астында өнер көрсетеді.
44 жастағы бапкермен жасалған келісімшарт төрт жылға есептелген. Лондон клубының басшылығы Алонсоның мол тәжірибесі, көшбасшылық қасиеті және шабуылға негізделген ойын философиясы команданың жаңа даму кезеңі үшін шешуші рөл атқарғанын атап өтті.
Англияға ауысқанға дейін Хаби Алонсо «Реал Мадрид» жүйесінде қызмет атқарды. Ал бапкер ретіндегі ең үлкен жетістігі «Байер» клубымен байланысты. Ол неміс командасын Бундеслигада тарихи жеңіліссіз чемпиондыққа жеткізіп, әлемдік футболдағы беделін айтарлықтай арттырды.
Ресми таныстырылымнан кейін Алонсо клуб жанкүйерлеріне алғашқы үндеуін жолдады.
«Челси» — әлемдегі ең ірі клубтардың бірі. Мұнда келгеніме және осы жобаның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Клуб басшыларымен сөйлескен кезде ортақ мақсатымыз бар екенін түсіндім. Біз тұрақты түрде жоғары деңгейде ойнайтын әрі жүлделер үшін күресетін команда құрғымыз келеді. Қазір ең маңыздысы – тынымсыз еңбек, дұрыс мәдениет қалыптастыру және кубоктар жеңу, — деді испаниялық маман.