Матчар Беларусьте өтеді
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы маусым айында Беларусь құрамасына қарсы екі халықаралық жолдастық матч өткізеді.
Матчар Беларусьте өтеді. Алғашқы матч 5 маусым күні Барановичи қаласындағы стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады. Екінші кездесу 8 маусымда Минск қаласындағы «Трактор» стадионында өтеді. Матчтың басталуы – 20:00.
Қазақстан жастар 30 мамырда Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынына жиналады.