Жарнама
Жарнама

Футболшы қыздардың жалаңаш видеосын түсірген бапкер жазаланды

Редактор
Бүгін, 10:34

УЕФА маманға өмір бойына футбол қызметімен айналысуға тыйым салды

Dalibor Gluck / CTK / AP

УЕФА чехиялық 42 жастағы бапкер Петр Влаховскийді өмір бойына футболдан шеттетті. Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының мәліметінше, бұрын Чехияның әйелдер арасындағы «Словацко» клубын жаттықтырған маман футболшыларды жасырын түрде видеоға түсіріп жүрген.

Тергеу барысында Влаховскийдің 2019-2023 жылдар аралығында киім ауыстыратын бөлмелер мен душ кабиналарында жасырын камера қолданғаны анықталған. Ол камераны рюкзактың ішіне жасырып, спортшыларды жасырын түсіріп отырған. Белгілі болғандай, түсірілімге түскен футболшылардың ең кішісі небәрі 17 жаста болған.

УЕФА маманға өмір бойына футбол қызметімен айналысуға тыйым салды. Сонымен қатар ұйым ФИФА-ны да дәл осындай санкция енгізуге шақырып, Чехия футбол қауымдастығына бапкердің лицензиясын толық қайтарып алуды ұсынды.

Басылым мәліметінше, Влаховский 2023 жылы жасырын камера арқылы футболшыларды түсіргені белгілі болғаннан кейін ұсталған. Кейін сот оны 13 жәбірленуші спортшыға өтемақы төлеуге міндеттеген.

Ал 2025 жылдың мамыр айында Чехия соты бапкерді бір жыл шартты жазаға кесіп, ел аумағында бес жыл бойы бапкерлік қызметпен айналысуға тыйым салды. Бұдан бөлек, оның компьютерінен балалар порнографиясына қатысты материалдар табылып, осы іс бойынша да кінәлі деп танылғаны айтылды.

Реклама
Реклама