«Ордабасы» тарихында алғаш рет ел чемпионы атанды

Редактор
22.10.2023, 19:56

Шымкенттік команда 58 ұпаймен көш басында

FC Ordabasy

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының биылғы чемпионы анықталды. Бүгін қарағандылық «Шахтердан» 3:1 есебімен басым түскен «Ордабасы» клубын енді «Астана» мен «Ақтөбе» қуып жете алмайды.

Осылайша, Шымкенттік команда тарихында алғаш рет ел чемпионы атанып отыр. Соңғы турда сырт алаңда «Каспий» клубымен болатын ойын ешқандай мәселе шешпейді.

«Шахтермен» болған шешуші матчта «Ордабасы» сапынан төртінші минутта – Жақсылықов, 12-минутта – Умаров және 27-минутта Беседин көзге түсті. Ал, екінші таймда қарағандылықтар бір голмен жауап қайтарды.

Айта кету керек, турнир кестесінің екінші орны үшін «Астана» мен Ақтөбе клубтары таласады. 29 қазанда ақтөбеліктер өз алаңында «Жетісуды» қабылдаса, астаналық команда сырт алаңда «Шахтермен» кездеседі.

Материалда: