Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Сан-Марино мен Словения қарсы ойнай алмайды

Редактор
23.10.2023, 12:01

Оның бармағы сынып кеткен

kpl.kz

«Ордабасы» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында алаңға шыға алмайды деп хабарлады Серый Cardinal телеграм-каналы.

Асхат «Шахтерге» қарсы болған ойында жарақат алған. Алдын ала болжам бойынша оның аяғындағы сүйектерінің бірі сынған.

Мұндай жарақаттан толық айығып кетуге шамамен алты апта уақыт керек екен. Ал, Қазақстан ұлттық құрамасы 17 және 20 қараша күндері кезекті ойындарын өткізеді.

Айта кетейік, Асхат Тағыберген ЕУРО-2024 іріктеуі аясында Қазақстан құрамасы сапында  8 матч өткізіп, екі гол соқты.

Материалда: