Жарнама
Жарнама

Гвардиола Хусановтың ұлын сүйіп, жанкүйерлерді тәнті етті

Редактор
Бүгін, 00:47

Кадрлар испаниялық маманның қоштасу матчынан кейін түсірілген

instagram.com/championatasia

Әлеуметтік желілерде «Манчестер Сити» клубының бас бапкері Пеп Гвардиоланың Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусановтың ұлымен түскен суреттері кең тарады.

Кадрлар испаниялық маманның қоштасу матчынан кейін түсірілген. Суреттерде Гвардиоланың Хусановтың сәби ұлын құшағына алып, маңдайынан сүйген сәті бейнеленген.

Еске салсақ, Пеп Гвардиола 2025/2026 жылғы маусым аяқталған соң «Манчестер Ситиден» ресми түрде кетті. Ол клубты 2016 жылдың шілдесінен бері жаттықтырып, он жыл ішінде 20 трофей жеңіп алды. Оның қатарында алты мәрте Англия Премьер-лигасының чемпионы атану және клуб тарихындағы алғашқы Чемпиондар лигасы бар.

Ал Абдуқодир Хусанов үшін өткен маусым «Манчестер Сити» сапындағы алғашқы жыл болды. Өзбекстандық қорғаушы барлық турнирде 37 матч өткізіп, 2817 минут алаңда өнер көрсетті. Сондай-ақ командамен бірге Англия Кубогы мен Англия Лига Кубогын жеңіп алды. Бұған қоса, Хусанов қаңтар және наурыз айларында клубтың үздік ойыншысы атанды.

Реклама
Реклама