Жарнама
Жарнама

21 жастағы нигериялық футболшының мәйіті табылды

Редактор
27.05.2026, 17:53

Қайғылы оқиға 25 мамыр күні тіркелген

әлеуметтік желі

Нигерия футбол федерациясы 21 жастағы нигериялық футболшы Виктор Удоның қайтыс болғанын ресми түрде хабарлады. Қайғылы оқиға 25 мамыр күні Нигерия астанасы Абуджада тіркелген.

Мәліметке сәйкес, жас шабуылшының денесі таңертең табылған. Бұған дейін ол кешкі уақытта достарымен бірге болғаны айтылуда. Әзірге өлімнің нақты себебі ресми түрде жарияланған жоқ. Алайда алдын ала болжамдар арасында тағамнан немесе алкогольден улану нұсқалары қарастырылып жатыр.

Нигерия футбол федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Адемола Оладжире ESPN басылымына берген пікірінде федерация бұл жағдайға қатты күйзелгенін айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда оқиғаның мән-жайына қатысты толық ақпарат күтіп отыр.

Виктор Удо бұған дейін Бельгияның «Антверпен» және Англияның «Саутгемптон» клубтарының жүйесінде өнер көрсеткен. Жас футболшы Нигерия футболының болашағынан үміт күттіретін ойыншылардың бірі саналған еді.

Реклама
Реклама

Материалда: