Матч кезінде жартылай қорғаушы Азизжон Ғаниев жарақат алды
Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясындағы жолдастық матчта Канада ұлттық құрамасына 0:2 есебімен жол берді.
Кездесу Канаданың Эдмонтон қаласында өтті. Матчтың алғашқы голы 58-минутта соғылды. Алаң иелері сапынан Джонатан Осорио мергендігімен көзге түсті. Ал ойынның соңғы минуттарында Майкл Нелсон есеп айырмасын еселеп, кездесудің қорытынды нәтижесін тіркеді.
Өзбекстан құрамасы үшін матчтағы тағы бір жағымсыз жаңалық – жартылай қорғаушы Азизжон Ғаниевтің жарақат алуы болды. Футболшы бірінші таймда жарақат алып, кездесудің 23-минутында алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Өзбекстандықтар әлем чемпионаты алдындағы келесі бақылау матчын Нидерланд құрамасына қарсы өткізеді. Кездесу Нью-Йорк қаласында өтеді. Ал Канада құрамасы Монреальда Ирландиямен жолдастық ойын өткізеді.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада ұйымдастырылады. Топтық кезеңде Өзбекстан құрамасы Португалия, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасымен бір топта өнер көрсетеді. Ал Канада құрамасының қарсыластары қатарында Катар, Швейцария және Босния және Герцеговина бар.