Жарнама
Жарнама

Ислам Чесноков Қазақстанға оралуы мүмкін

Редактор
Бүгін, 16:58

Шотландиялық басылым Чесноковтың трансферіне қатысты мәлімет таратты

әлеуметтік желі

Шотландиялық БАҚ Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың «Хартстан» кетуі мүмкін екенін хабарлады.

The Scottish Sun басылымы жазғы трансферлік кезеңде клубтан кетуі ықтимал футболшылар туралы материал жариялап, олардың қатарына қазақстандық ойыншыны да енгізді.

Журналист Роджер Ханнаның жазуынша, шотландиялық команда сапында тұрақты орын ала алмаған Чесноковтың Қазақстанға оралып, қостанайлық «Тобылдың» намысын қайта қорғауы ықтимал.

«Хартс» қазақстандық вингерді қатарға қосу үшін бірқатар бюрократиялық рәсімдерден өтті. Алайда қазір футболшыны бұрынғы клубы – «Тобылға» оралуы мүмкін деген әңгімелермен байланыстырып жатыр. 26 жастағы ойыншы маусымның екінші бөлігінде негізгі құрамда небәрі бес рет алаңға алғашқы минуттардан шығып, бір ғана голдың авторы атанды. Сонымен қатар Джеймс Макпейктің келуі және өзге ойыншыларға қызығушылықтың артуы оның негізгі құрамдағы орнын одан әрі қиындатуы ықтимал», – деп жазды басылым.

Айта кетейік, бұған дейін Ислам Чесноковтың шымкенттік «Ордабасыға» немесе Ресей Премьер-лигасы клубтарының біріне ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда шотландиялық басылым футболшының мансабын Қазақстанда жалғастыру нұсқасы да қарастырылып жатқанын жазды.

Реклама
Реклама