Жарнама
Жарнама

Сауд Арабиясы әлем чемпионатының матчтарына тегін билет таратады

Редактор
Бүгін, 12:17

Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшілігі ресми мәлімдеме жасады

Gettysport

Сауд Арабиясының футбол федерациясы алдағы футболдан әлем чемпионаты қарсаңында өз жанкүйерлеріне ерекше мүмкіндік ұсынды. Корольдік құрамасын қолдауға келген жанкүйерлерге турнир матчтарына тегін билеттер беріледі.

Бұл туралы Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшілігі ресми мәлімдеме жасап, жанкүйерлерді ұлттық құраманы қолдауға шақырды.

«Футболдан әлем чемпионатына кері санақ басталды. Осыған орай Сауд Арабиясы футбол федерациясы АҚШ-та жүрген ұлттық құрама жанкүйерлеріне тегін билеттер ұсынады. Сізден тек стадионға келу талап етіледі, қалғанын біз қамтамасыз етеміз», — делінген хабарламада.

БАҚ мәліметінше, мұндай шешім Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) кейбір матчтардағы көрермен санына қатысты алаңдаушылығымен байланысты болуы мүмкін. Ұйым турнир ойындарының толық аншлагпен өтуіне ерекше мән беріп отыр.

Айта кетейік, осыған ұқсас тәжірибе өткен жылы АҚШ-та өткен клубтар арасындағы әлем чемпионатында да қолданылған. Ол кезде кейбір кездесулерге қызығушылықты арттыру мақсатында түрлі жеңілдіктер мен тегін билеттер ұсынылған болатын.

Алдағы әлем чемпионаты АҚШ-та өтетіндіктен, ұйымдастырушылар трибуналардың толық болуын қамтамасыз ету үшін қосымша маркетингтік шараларды қолға алып жатыр.

Реклама
Реклама