Жарнама
Жарнама

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясынан кетті

Редактор
Бүгін, 15:50

44 жастағы маман 2025 жылдан бастап ҚФФ-ның бас хатшысы қызметін атқарды

ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Давид Лория қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

44 жастағы маманның айтуынша, ҚФФ президенті Марат Омаров оған вице-президент қызметінде қалуды ұсынған. Алайда тараптардың футболды дамытуға қатысты көзқарастары мен кейбір өмірлік құндылықтары сәйкес келмегендіктен, Лория федерациядағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдаған.

«Құрметті қазақстандықтар! Бүгін мен Қазақстан футбол федерациясындағы жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Федерация президенті Марат Омаров маған вице-президент қызметін жалғастыруды ұсынды. Алайда футболды дамытуға қатысты ұстанымдарымыз бен кейбір өмірлік құндылықтарымыз сәйкес келмейді», – деп жазды Лория.

Ол федерациядағы қызметі барысында бірқатар маңызды жобалардың жүзеге асырылғанын, сондай-ақ басқарушылық тәжірибе жинақтап, қазақ футболындағы мәселелерді терең түсінгенін атап өтті.

Лория өз сөзінде әріптестеріне, клубтарға, өңірлік федерацияларға, жаттықтырушыларға, футболшыларға және отандық футболдың дамуына үлес қосып жүрген барлық мамандарға алғыс білдірді. Сонымен қатар жанкүйерлерге ерекше ризашылығын жеткізіп, Қазақстан құрамалары мен клубтарына алдағы уақытта жаңа жеңістер тіледі.

Еске салсақ, Давид Лория 2025 жылдан бастап ҚФФ-ның бас хатшысы қызметін атқарды. Ал 2026 жылдың наурыз айында федерацияның вице-президенті болып тағайындалған еді.

Реклама
Реклама

Материалда: