Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаевтың «Қайратпен» қоштасатын күн белгілі болды

Редактор
Бүгін, 10:26

Қазақстандық талант «Қайраттағы» соңғы кездесуін өткізбек

әлеуметтік желі

17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев алматылық «Қайрат» сапындағы әзірге соңғы ойыны қашан өтетінін мәлімдеді.

Клубтың үй матчтарының ресми жүргізушісі Артур Асқарұлымен болған блиц-сұхбатта Сәтпаев өзінің «Қайрат» жейдесіндегі соңғы кездесуі маусым айындағы үй ойындарының бірінде өтетінін айтты.

«Қазіргі жоспар бойынша соңғы матчым 17 немесе 21 маусым күні болады. Бұл – өз алаңымыздағы ойын», – деді Сәтбаев.

Сондай-ақ жас шабуылшы «Челси» клубындағы қаралым мен Хаби Алонсомен қайта кездесуге қатысты пікір білдірді.

«Жалпы, қобалжу жоқ. Ең бастысы — өз қалауың мен жігеріңді көрсету. Сол жігердің арқасында ол жақта орнығып қаламын деп ойлаймын», – деді қазақстандық талант.

Реклама
Реклама