Томас Тухель «Бавариядан» кететін болды

Редактор
21.02.2024, 16:49

Мұндай шешім қабылдауға команданың соңғы сәтсіздіктері себеп болды

Getty Images

Мюнхендік «Бавария» футбол клубының бас бапкері Томас Тухель қызметінен кететін болды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланған.

Неміс маманымен арадағы келісімшарт 2025 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Алайда, қос тарап өзара келісіп, оның күшін биыл жазда жоятын болып шешті. Яғни, маусым аяқталысымен Тухель отставкаға кетеді.

«Біз осы маусым аяқталған соң жұмыс істесуді тоқтатамыз деп келістік. Оған дейін мен және менің командам жоғары нәтиже көрсету үшін барымызды саламыз», - деді Тухельдің өзі.

Айта кетейік, Томас Тухель «Бавария» тізгінін 2023 жылдың наурызында ұстады. Оның басшылығымен команда Бундеслиганың 2022/2023 жылғы маусымында чемпион атанды. Ал, қазір ішкі чемпионаттың 22 турынан кейін мюнхендік клуб екінші орында келеді. Ол бірінші тұрған «Байерден» 8 ұпайға қалып қойған.

Материалда: