40 жастағы Модрич биыл бесінші әлем чемпионатына қатыспақ
Хорватия құрамасының капитаны әрі Лука Модрич ұлттық команда сапындағы матчтар саны бойынша әлем футболының тарихындағы үздік көрсеткіштердің біріне қол жеткізді.
Тәжірибелі жартылай қорғаушы бұл жетістікке Словения құрамасына қарсы жолдастық кездесуде қол жеткізді. 2:1 есебімен аяқталған матчта Модрич бір гол соғып, ұлттық құрама жейдесіндегі 198-матчын өткізді.
Осылайша хорватиялық футболшы матчтар саны бойынша аргентиналық аңыз Лионель Мессидің көрсеткішіне теңесіп, әлем футболы тарихындағы үшінші орынға көтерілді.
Бұл рейтингте көш басында 227 матч өткізген португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду тұр. Ал екінші сатыда Кувейт құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бадер Әл-Мутава орналасқан. Оның еншісінде 202 ойын бар.
40 жастағы Модрич 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатынын мәлімдеген. Бұл оның мансабындағы бесінші мундиаль болмақ. Бұған дейін тәжірибелі футболшы әлем біріншілігінен кейін кәсіби мансабын аяқтауды жоспарлап отырғанын айтқан еді.