Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер «Астана» қақпасына үш гол соқты

Редактор
21.02.2024, 23:08

Мәскеудің «Спартагы» «Астананы» ойсырата жеңді

sport.ru

Біріккен Араб Әмірліктерінде оқу-жаттығу жиынында жүрген «Астана» футбол клубы мәскеулік «Спартакпен» жолдастық кездесу өткізді деп хабарлайды 1bol.kz.

Матч 4:0 есебімен «Спартактың» жеңісімен аяқталды. Голың барлығы бірінші таймда соғылды. 16-минутта Қазақстан құрамасының қорғаушысы Александр Марочкин өз қақпасына гол соқса, қалған үш голды Квинси Промес (26, 31 және 45 минутта) соқты. 

Айта кету керек, Промес есірткі тасымалдағаны үшін Нидерланды сотымен сырттай 6 жылға сотталған. Нидерланды прокуратурасы оған халықаралық іздеу жариялады.

Материалда: